Еліміздің екі облысында ауа райы салдарынан жолдар жабылды

Фотография - Еліміздің екі облысында ауа райы салдарынан жолдар жабылды

Атырау облысында қар жауып, бұрқасын жүру салдарынан "Ақтөбе–Атырау–Астрахань" автожолының кейбір учаскесі жабылды

283 0

Қазақстанның екі облысында ауа райының нашарлауы салдарынан жолдар жабылды, - деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМК.

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінім шектелуі) "Қандыағаш–Ембі–Шалқар–Ырғыз" автожолының учаскесінде (258-ші шақырымға дейін Қандыағаш қаласы–Шалқар қаласы) және "Ақтөбе – Орск" автожолы учаскесінде (39–135-ші шақырымдар, Ш.Қалдаяқов кенті–РФ шекарасы) көліктің барлық түрлері үшін жолдар жабылды.

Атырау облысында қар жауып, бұрқасын жүру салдарынан "Ақтөбе–Атырау–Астрахань" автожолының учаскесінде (685-897-ші шақырымдар, Аққыстау ауылы–РФ шекарасы) көліктің барлық түрлері үшін жолдар жабық. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!