Шымкентте электр қуатын қоқыстан өндірмек

Фотография - Шымкентте электр қуатын қоқыстан өндірмек

Шымкентте қоқыстан электр қуатын өндіретін станция салынады.

328 0

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов айтты. Аталған нысан Шымкент маңындағы қоқыс іріктейтін зауыт іргесінен ашылады және станса қалаға қосымша 50 МВт электр және жылу энергиясын береді деп күтілуде.

Бейбіт Атамқұлов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі:
 - Аталған кәсіпорынның иесі болып табылатын инвестормен келіссөздер жүргізілуде. Инвестициялық жоспар бойынша, олар бұл іріктеу зауытын толыққанды өңдеу цикліне көшіру үшін зауытты кеңейтуді көздеп отыр. Әкімдік пен зауыт Гонконг пен Сингапур тәжірибелерін зерттеді, келешекте біз барлық қоқысты электр энергиясына айналдырып отыруды жоспарладық.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!