Астана мен Алматы әуежайларындағы тексеру талоны электрондық жүйеге көшпек

Фотография - Астана мен Алматы әуежайларындағы тексеру талоны электрондық жүйеге көшпек

Бұл өз кезегінде рейстердің жолаушыларды күтіп, кешігу жағдайларын азайтады.

155 0

2016 жылдың соңына дейін Астана мен Алматы әуежайларында тексеруден өткені туралы белгі қоюдың баламалы әдісі электрондық отырғызу талоны енгізіледі. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі хабарлайды. Қазіргі уақытта ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті электрондық отырғызу талонын енгізу үшін жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау саласындағы нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша бастама көтерді. Осы және басқа да мәселелер комитет төрағасының міндетін атқарушы Талғат Ластаевтың  Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының Қазақстан Республикасындағы филиалы және "AirAstana" әуекомпаниясы өкілдерімен кездесуде талқыланды. 

Аталған әдіс қажетті авиациялық қауіпсіздік деңгейін сақтауға, интернет арқылы тіркеліп, бірақ рейске келмей қалған жолаушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде рейстердің жолаушыларды күтіп, кешігу жағдайларын азайтады.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!