Есеп беру кездесуінің жаңа форматы әр тұрғынды тыңдауға мүмкіндік береді

Фотография - Есеп беру кездесуінің жаңа форматы әр тұрғынды тыңдауға мүмкіндік береді

Бұған қоса, холлда қала тұрғындары өз сұрақтарына қалалық басқармалар мен жекелеген департаменттердің басшыларынан жауап ала алады

129 0

Бүгін, 24 ақпанда, халықпен есеп беру кездесуінің негізгі бөлігінен кейін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков адамдарды жеке өзі қабылдауды бастады. Азаматтар елорда әкіміне немесе оның орынбасарларына өз сұрақтарын Конгресс-Холл ғимаратында қоя алады. Қабылдау кезекпен жүргізіледі. Бұған қоса, холлда қала тұрғындары өз сұрақтарына қалалық басқармалар мен жекелеген департаменттердің басшыларынан жауап ала алады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Биыл барынша көп халықты қамту үшін тұрғындармен есептік кездесудің форматы өзгертілді. Қала әкімі елорда әкімдігінің қызметінде халықпен байланыс орнатып, өзара ықпалдаса жұмыс істеу басымдықты міндет болып табылатынын айтқан болатын.

Осы бағытта қала әкімшілігі тарапынан бірталай жұмыс атқарылды. Өткен жылы түрлі арналар бойынша қала тұрғындарынан әкімдікке 20 мыңнан аса хат пен өтініш түсті. Соның ішінде жартысынан астамы қала әкімдігінің ресми сайтындағы «Виртуалды қабылдау бөлмесі» және "Халықтық бақылау" айдарлары арқылы жолданған. Ә. Жақсыбековтің айтуынша, бүгінгі күні бұл кері байланыстың пәрменді тетігіне айналып отыр. Сондай-ақ, әкім жыл қорытындысы бойынша, елорда әкімдігінің сайты аймақтар ішінде ең көп сұранысқа ие сайтқа айналғанын атап көрсетті.

Өткен жылдың соңында 109 бірыңғай номерімен Интеллектуалды байланыс орталығы іске қосылды, ол арқылы барлық қалалық қызметтермен байланыс орнатуға мүмкіндік жасалған. Сонымен бірге, "Смарт Астана" мобильді қосымшасы енгізілді, оның мазмұнына мектеп сабағының өтпейтіні туралы сол мезетте хабарлама алу, айыппұлдарды тексеру, қоғамдық көліктің қозғалысын бақылау, әуе рейстерінің, пойыздардың кестесі және т.б. ақпарат алу функциялары кірді. Елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайлы әрі пайдалы болуы үшін қосымшаның функционалдылығы тұрақты негізде кеңейтіліп отырады. Бірнеше аптаның ішінде бұл қосымшаны 50 мыңға жуық тұрғын жеке телефондарына жүктеп алған және олардың саны тұрақты түрде артып келеді.

Жыл басынан бері елорда аудандарының әкімдері жалпы саны – 4 мың адаммен 15 кездесу ұйымдастырған. 10 ақпанда "Ашық есік күні" өткізіліп, оған бір жарым мыңнан астам адам қатысты. Бұл күні қалалық қызметтердің өкілдері 600-ден артық тұрғынның ауызша сұрақтарына жауап берді, ал жазбаша өтініш бергендердің барлығы осы күнге дейін өз сұрақтарына жауап ала алды. Халықпен ықпалдаса жұмыс істеудің пәрменді әдістерінің бірі ретінде осындай шаралар елордада жүйелі түрде өткізіліп тұрмақ.

"Халықпен диалогты кеңейту әкімдіктің және оған қарасты құрылымдар қызметінің басымдықты бағыттарының бірі болып табылады.  Алдымызға қойып отырған барлық міндеттер өмір сүруге жайлы, ақылды қала құруға бағытталған", - деді Ә.Жақсыбеков. Ол сондай-ақ, елорда тұрғындары қаланың өміріне белсенді түрде араласып, асқан мәдениеттілігімен және құқықтық саналылығымен ерекшеленуі тиіс екенін атап өтті. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!