Қазақстанда туберкулезбен ауру 12 пайызға жуық төмендеді

Фотография - Қазақстанда туберкулезбен ауру 12 пайызға жуық төмендеді

2015 жылдың қорытындысы бойынша республикада туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 11,9%-ға төмендеді, ал өлім - 22,4%-ға төмендеді.

203 0

Қазақстанда туберкулезбен ауру 2015 жылдың қорытындысы бойынша 12% жуық төмендеді деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

"ҚР ДСӘДМ Туберкулез проблемаларының ұлттық орталығының алдын ала мәліметтерінше, 2015 жылдың қорытындысы бойынша республикада туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 11,9%-ға төмендеді (100 мың тұрғынға шаққанда 2014 жылғы 66,4-тен 58,5-ға дейін), ал өлім — 22,4%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 2014 жылғы 4,9-дан 3,8-ге дейін)",-делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күніне орай туберкулездің алдын алу жөніндегі айлық басталды. Ол 2016 жылғы 24 ақпан мен 23 наурыз аралығында өтеді.Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні жыл сайын 24 наурызда атап өтіледі.

Айлық аясында республика бойынша МСАК ұйымдарында фтизаиатрлар мен өзге де мамандарды шақырту арқылы ашық есік күндерін өткізу жұмыстары жалғастырылатын болады.

Туберкулез – Кох бацилласының микробактериясы арқылы туындайтын инфекциялық ауру, ол көбіне өкпені (80%) және сирек өзге органдарды (20%) зақымдайды. Туберкулез адамнан адамға ауа-тамшы арқылы жұғатын және өлім-жітімге себеп болатын жұқпалы агенттерден туындайтын аурулардың ішінде АИТВ/ЖИТС-тен кейінгі екінші орынды алады.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!