Назарбаева: ЭКСПО-2017 көрме тарихында алтынмен жазылады

Фотография - Назарбаева: ЭКСПО-2017 көрме тарихында алтынмен жазылады

Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне Халықаралық қатысушылардың екінші жиналысы өтіп жатыр

207 0

ҚР премьер министрінің орынбасары ариға Назарбаева шет мемлекеттерді Астанда өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысуға шақырды, деп жазады Today.kz. Сонымен бірге ол көрмеге қатысатындығын 75 ел мен 14 халықаралық ұйым қатысатынын нақтылағанын атап өтті.

"Жиналысымыздың шеңберінде қосымша келісімдерге қол қойылады", - деді Назарбаева Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне Халықаралық қатысушылардың екінші жиналысында айтқан сөзінде.

ҚР премьер-министрінің орынбасары Қазақстанның Көрмелердің халықаралық бюросымен серіктестікке үлкен мән беретіндігін айта кетті. Осының дәлелі ретінде ол елдің Миланда өткен ЭКСПО-2015 көрмесіне қатысуын дәлел ретінде айтты. Онда қазақстандық павильонға миллионан астам адам келген. Қазақстан өткен көрменің тақырыбын ашқаны үшін "қола" жүлдеге ие болған.

"Енді біз жаңа көрмеге дайындалудамыз. Мен ЭКСПО-2017 еліміздің және көрме тарихындағы тағы бір алтын парақ болатынына сенемін. Сіздерді осынау бір халықаралық салтанатты шараға белсене қатысуларыңызға шақырамын", - деді Дариға Назарбаева.

Естеріңізге салсақ, 15 ақпанда ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев  ЭКСПО-2017 нысаналарын салуға Ұлттық қордан қосымша 85 миллиард теңге бөлінетіндігін хабарлаған. Кейін, ақпанның 18 күні ҚР Парламент Сенатында халықаралық көрмеге қатысушыларға жеңілдіктер мен қолайлы жағдай жасау туралы келісім қабылданған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!