Алматы әкімі Бауыржан Бәйбек көлікті тастап, велосипедке ауыспақ

Фотография - Алматы әкімі Бауыржан Бәйбек көлікті тастап, велосипедке ауыспақ

Қала әкімі тұрғындарды экологияны қолдауға шақырды

315 0


Алматы әкімі Бауыржан Байбек тұрғындармен есептік кездесуі барысында экологияны жақсарту үшін велосипедпен жүруге дайын екендігін жеткізді. Қала басшысының айтуынша, әкімдіктің 80-дей қызметкері осы әдіске көшкен, деп жазады Today.kz.

"Экология бойынша барлығының демеуі қажет. Жаяу көбірек жүріп, ТЭЦ, көлікті газға көшіру керек, бұл экологияны жақсартады. Әл-Фарабиден жоғары жаңа құрылыс бастау туралы кеңесудеміз. Ең алдымен адамдардың өздері шешім қабылдау керек. Егер сіздер экология үшін болсаңыздар, онда велосипедтерге ауысу керек, жеке өзім ауысамын, әкімдікте 86 адам велосипедпен жүр", - дейді Бауыржан Байбек.

Естеріңізге салсақ, 16 ақпанда ҚР Президенті Алматы басшылығымен кездесу кезінде қаланың бірқатар мәселесін көтерген болатын. Атап айтқанда экологияға қатысты. Ол Алматы тұрғындарын қаланың тазалығын қамқорлыққа алуға шақырды, ал, қала басшысына мегаполиске "өз үйіңе қарағандай қара" деп тапсырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!