Қазақстан наурыздан бастап Египетке ұшырылымдарын жаңғыртады

Фотография - Қазақстан наурыздан бастап Египетке ұшырылымдарын жаңғыртады

2016 жылдың наурызынан "SCAT" әуекомпаниясы Алматы – Шарм-эль-Шейх – Алматы бағыты бойынша тікелей әуе рейсін орындауды жоспарлап отыр.

177 0

Қазақстан наурыздан бастап Египетке ұшырылымдарын жаңғыртады деп хабарлайды Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігі азаматтық авиация комитетінен.

2015 жылы 31 қазанда Египетте ресейлік ұшақтың апатынан кейін ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Египет әуекомпанияларының Қазақстанға және қазақстандық әуекомпанияларының Египетке ұшуын уақытша тоқтату туралы ұсыныс берген болатын.

"2016 жылдың наурызынан бастап "SCAT" әуекомпаниясы Алматы – Шарм-эль-Шейх – Алматы бағыты бойынша тікелей әуе рейсін орындауды жоспарлап отыр",-делінген хабарламада.

Ведомстводан хабарлағандай, Қазақстан мен Египет арасында тұрақты әуе байланысын ашу мәселесін шешу үшін ҚР ИДМ ААК Египеттің авиациялық қауіпсіздік, қазақстандық туристік қауымдастық қызметкерлерімен бірге инспекциялық тексеру жүргізді. "Шарм-эль-Шейх қаласының (Египет) халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік жүйесін шолу қорытындысы бойынша оң тұжырым берілді",-деп көрсетілген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, "Fly Egypt" әуекомпаниясы да биыл наурыз айынан бастап аптасына екі рет Қазақстанға тұрақты әуе рейсін жүзеге асыруды көздеп отыр. "Әуекомпаниясы қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін Азаматтық авиация комитеті 30 күннің ішінде рұқсат беретін болады",-деп қорытындылады

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!