"Ислам және зайырлы қоғам" атты республикалық конференция өтті

Фотография - "Ислам және зайырлы қоғам" атты республикалық конференция өтті

Конференция мақсаты ҚМДБ қызметкерлерінің кәсіби қабілетін арттырып, жастарды патриотизмге тәрбиелеу.

1476 0

Бүгін Елордамыздағы "Бейбітшілік және келісім" сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен "Ислам және зайырлы қоғам" атты республикалық конференция өтті.

Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ-ның мүшелері, облыстардың Бас имамдары, Республикалық ақпараттық- насихат тобының мүшелері (РАНТ), мемлекет, қоғам және дін қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, профессорлар, тарихшылар, қоғамдық сарапшылар қатысты. Имам – рухани тұлға, қоғамды тәрбиелеуші ұстаз. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астанада "Ислам және зайырлы қоғам" тақырыбында өтіп жатқан конференция барысында осылай деді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі .

"Бүгінгі конференциямыз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына сәйкес келіп отырғанын айрықша атап өткім келеді. Тарихымызға зер салсақ, имам қашан да бірліктің ұйытқысы болған. Имам – рухани тұлға, қоғамды тәрбиелеуші ұстаз. Құдайға шүкір, егемендігіміздің арқасында діндар қауымының да мәртебесі артып келеді. Бүгінгі "Ислам және зайырлы қоғам" атты республикалық конференцияны ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз – ҚМДБ қызметкерлерінің кәсіби қабілетін арттырып, жастарды патриотизмге тәрбиелеу. Сонымен қатар, дін мен зайырлы қоғамның үйлесімділігін арттыру", – Ержан қажы Малғажыұлы.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

Алқалы жиын бірнеше түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатты. Атап айтсақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлерінің (АНТ мүшелерінің) заманауи білімін жетілдіру, уағызшылар тобының кәсібилігін шыңдау, шешендік өнерді меңгеру, психологияны игеру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, дін мен зайырлы қоғамның үйлесімділігін арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысты іс шараларды ұйымдастыру, Қазақстан мұсылмандарының біртұтастығын қалыптастыру, діни радикалды идеология және олардан келетін қауіп-қатермен қоғам болып күресудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, дінаралық татулық пен келісімді нығайту, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды насихаттау. Конференция соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының үндеуі жарияланды.

Сондай-ақ, конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Марат ӘЗІЛХАНОВ, көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, профессор, ф.ғ.д. Әділ Ахметов, ҚР Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, ҚР Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, облыстардың Бас имамдары, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, ҚМДБ Сарапшылар Кеңесінің мүшелері, мемлекет, қоғам және дін қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, профессорлар, тарихшылар, қоғамдық сарапшылар, т.б. қатысты. 

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!