Астана тұрғындары қала басшысының қабылдауында болды

Фотография - Астана тұрғындары қала басшысының қабылдауында болды

Әкімге жолданған сауалдардың көбі тұрғын үй мен жұмысқа орналасу, құрылыс, кәсіпкерлікті дамыту, білім және т.б. мәселелер болды

283 0

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков жеке қабылдау жүргізу барысында алғашқы екі сағатта 22 елордалық тұрғынмен кездесті, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Әкімге жолданған сауалдардың көбі тұрғын үй мен жұмысқа орналасу, құрылыс, кәсіпкерлікті дамыту, мүлікті заңдастыру, білім және т.б. мәселелерге қатысты болды.

Әкімнің қабылдауына бірінші болып Кенжегүл Базарбаева кірді. Ол биыл қаңтар айында жұмысында қысқартуға ілігіп, жұмысқа орналасуға көмек сұрады. Бұл мәселе бірден шешілді. Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы қала тұрғынына бірнеше бос орын ұсынды, олардың бірі К. Базарбаеваның біліктілігіне сәйкес болып шықты.

Жаңа бастап жатқан кәсіпкер Тимур Қалтаев әкімнен көше саудасын жасау үшін 1000 орын бөлу жөніндегі әкімдік жобасы аясында өз бизнесі үшін орын алуға көмек көрсетуін сұрады. "Өткен жылы мен йогуртты балмұздақ дайындау бойынша франшиза сатып алған болатынмын, бұл экологиялық таза өнім, өте пайдалы. Алдағы уақытта бизнесті қоғамдық тамақтану орнына дейін кеңейту және қазақстандық франшиза жасау жоспарымда бар", - деді жас кәсіпкер әкімге өнімді көшеде сатуға арналған орынның нобайын таныстыра отырып.

Ә. Жақсыбеков елордада шағын және орта бизнестің дамуына баса назар аударылатынын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі кезде көше саудасын ұйымдастыру үшін 1000 орын анықтау бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл шағын бизнестің дамуын ынталандырып, жас кәсіпкерлер үшін қолдау болмақ. Әкім қабылдауға қатысқан Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Рысгүл Қауғабаеваға жас кәсіпкердің сауалын жеке бақылауға алып, Т. Қалтаевқа көмек көрсетуді тапсырды.

15 жылдық өтілі бар жедел жәрдем бригадасының дәрігері Гүлмира Сакибаева баспана алуға көмектесіп, ұлын балабақшаға орналастыруды сұрады. Оның айтуынша, қазіргі кезде олар Ильинка кентінде уақытша үйде тұрып жатыр. Ә. Жақсыбеков жедел медициналық жәрдем жұмысын модернизациялау бойынша кешенді жоспар қабылданғанын жеткізді. Оның аясында Астанада материалдық-техникалық базаны одан әрі нығайтумен қатар, дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласы мамандарына жағдайлар жасалуда. Әкім Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісовке қызметтік баспана ұсыну және балабақшадан орын бөлу мәселесін өз бақылауына алуды тапсырды. Кездесуде өткен жылы жедел жәрдем дәрігерлеріне балабақшалардан 94 орын бөлінгені, сондай-ақ, қызметтік баспаналар ұсынылғаны айтылды.

Айта кетейік, биыл барынша көп халықты қамту мақсатында әкімнің халыққа есеп беру кездесуінің форматы өзгертілді. Қала әкімінің орынбасарлары да тұрғындарды жеке қабылдау жүргізді. Алғашқы сағатта ең көп өтініш елорда әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунға жолданды – 16. Жалпы, алғашқы екі сағаттың ішінде 34 адам Астана әкімі орынбасарларының қабылдауында болды.

Конгресс-Холлда азаматтарды қабылдау жалғасып жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!