Астана қаласының қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті

Фотография - Астана қаласының қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті

Қоғамдық кеңес мүшелері Есілов Сансызбай Сейтжанұлын Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы етіп бірауыздан сайлады

319 0

Астана қаласы мәслихатының хатшысы, қоғамдық кеңесті құру жөніндегі Жұмыс тобының басшысы Сансызбай Есіловтың төрағалығымен Астана қаласының қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Жұмыс тобының басшысы Қазақстан Республикасының "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңына және Қоғамдық кеңестер туралы типтік ережелерге сәйкес қалалық мәслихат Астана қаласының қоғамдық кеңесін құру және бекіту бойынша қажетті іс-шараларды өткізгенін баяндады. Балама негізде Жұмыс тобы ұсынылған 61 кандидатураның 25-ін қоғамдық кеңеске мүше етіп сайлады.

Қоғамдық кеңестің қарауына үш мәселе ұсынылды. Атап айтқанда, Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасын, хатшысын және президиумын сайлау.

Бұл ретте айта кетейік, "Қоғамдық кеңестер туралы" заңға сәйкес Қоғамдық кеңестің жоғары органы отырыс болып табылады. Қоғамдық кеңестің қызметін басқару үшін оның отырыстарының арасында Қоғамдық кеңес президиумы сайланады. Оның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы, Қоғамдық кеңесті құруға қатысқан мемлекеттік орган басшысы, комиссиялардың төрағалары, Қоғамдық кеңестің жекелеген мүшелері кіреді.

Қоғамдық кеңес мүшесі Н.И. Мещеряков Есілов Сансызбай Сейтжанұлы – Жұмыс тобының жетекшісі, Астана қаласы мәслихатының хатшысын Қоғамдық кеңес төрағасы қызметіне ұсынды. Қоғамдық кеңес мүшелері Айман Мұсақожаева, Алтай Несіпбек, Сәрсенбай Мыңбай Сансызбай Сейтжанұлының еңбек жолын теміржолшы болып бастағанын атап өтіп, бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Оның өмірі елордамен, Ақмола облысымен байланысты. Астана қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болып істеген, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. Қаланы біледі, елорданың қалыптасуымен байланысты барлық мәселелерді шешкен, Мәжіліс депутаты бола тұра, елорданы дамыту жөніндегі басты жобаларды әзірлеуге қатысқан.

Фото -

Қоғамдық кеңес мүшелері Есілов Сансызбай Сейтжанұлын Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы етіп бірауыздан сайлады.

Өз кезегінде, Сансызбай Сейтжанұлы жаңа қоғамдық бірлестіктің маңызды өкілеттіктерге ие және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде өз орнын табуы тиіс екендігін атап өтті. Қоғамдық кеңес бюджет жобасын, бюджетті орындау туралы есепті, елорданы дамыту жоспарларын қарайтын болады, атқарушы және өкілдік органдар енгізетін нормативтік–құқықтық актілер бойынша қорытындылар береді.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес хатшысы қызметіне Пытьева В.П. сайланды. Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіретін, отырыстарды өткізуге дайындықты ұйымадстыратын, Қоғамдық кеңес қызметіне ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз ететін қоғамдық кеңес президиумының құрамына "Жайна Астана" Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхтар Еркетаев, мәслихат депутаты Николай Мещеряков, "Астана Бас жоспар" бас директорының орынбасары Гүлнар Құсайынова, Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов пен қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жанат Нұрпейісов сайланды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!