"Самұрық-Қазынада" жұмыс істегісі келетіндер іріктеудің 8 сатысынан өтеді

Фотография - "Самұрық-Қазынада" жұмыс істегісі келетіндер  іріктеудің 8 сатысынан өтеді

Біз ресми сайтымызда бос ваканциялардың барлығын да ашық жария етіп отырмыз

258 0

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қызметкерді алу кезінде ашықтық пен әділдікті басшылыққа алады. Мұндай пікірді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Басқарма төрағасының кеңесшісі Дэниел Крюсберг білдірді, деп хабарлайды Baq.kz . 

"Біз ресми сайтымызда бос ваканциялардың барлығын да ашық жария етіп отырмыз және кез келген үміткердің осы вакансияларға өтініш беруіне болады. Сайтта әр конкурстың нәтижесі тұрақты жарияланып отыр. Сондықтан жұртшылық әділдік қағидасының сақталғанына, бос орындарға конкурстық іріктеудің 8 сатысынан өткен кандидаттардың жұмысқа тұрғанына көз жеткізе алады", - дейді Д.Крюсберг.
Қор тобындағы жұмысқа орналасу үдерісінің ашықтығының арқасында бос орындарға қатысу көрсеткіші де барынша жақсарған.
"2015 жылы жария етілген бос орынға 982 үміткер тіркелсе, солардың ішінде 211 үміткер тестілеуге қатысты. 104 үміткер кәсіби білігін анықтау тестінен сүрінбей өтсе, 65 адам тілдерді меңгеру тестінен, 62 адам қабілеттілік тестінен жақсы нәтиже көрсетті. 42 үміткер алқалық талқылауға жіберіліп, 19 адам қорға жұмысқа алынды. Қазіргі таңда resume.sk.kz сайтында 13 бос орынға іріктеу жарияланған", - дейді кеңесші.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!