Универсиаданың ашылуы мен жабылу салтанатына 720 миллион жұмсалады

Фотография - Универсиаданың ашылуы мен жабылу салтанатына 720 миллион жұмсалады

Мұның алдында Алматы әкімі ашылу салтанатын қарапайым да әсем түрде өткізуге шақырған

304 0

Алматыда өтетін универисаданың ашылуы мен жабылу салтанатына 720 миллион теңге жұмсалады, деп жазады Today.kz. Бұл туралы ҚР Парламент Сенатындағы сөзі кезінде ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Бюджет шығындарын нақты болжауды ұсыну барысында депутаттар ЭСКПО-2017 мен Универсиада-2017 дайындығына неліктен қосымша қаражат бөлінеді деген сауал жолдады. Депутат Бірғаным Әйтімованың пікірінше, бұл шараларға онсыз да көлемді қаржы жұмсалған.

"Сіз айтқан екі жағдай бойынша сомманы ұлғайту – бұл жоспарлы сомма, ол 2017 жылға доспарланып қойған. Алайда, қазіргі бар мүмкідіктерді ескере отырып, ол проблеммалар осы жылы алынып тасталсын деген шешім болған, - деп жауап берді Досаев. – Мысалы, ЭКСПО-ға байланысты – көрме контентін қамтамасыз ету, салынып жатқан нысандардың IT-инфрақұрылымын дамыту – бұл бес миллион келушіні қамтамассыз етуге қажетті үш мыңнан астам шараны даярлау мәселесі. Бұл біздің Халықаралық көрме бюросы алдындағы міндетіміз".

Сонымен бірге Досаев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басшылығымен біріге отырып, сенаттағы комиттетер отырысында бюджет өзгерістерін талқылау кезінде әрбір тиынның қайда жұмсалғанына жауап беретінін айтты.

Универсиады-2017 қатысты, бөлінген 17,9 миллиард теңге де 2017 жылға жоспарланған қаржыландырудан ауыстырылды.

"Ашылу салтанатын тартынып өткіземіз – ашылу мен жабылу салтанатына бөлінген қаржы тек 720 миллионды ғана құрайды.

Естеріңізге салсақ, мұның алдында халықаралық шараларды өткізуге қосымша 118,6 миллиард теңге бөлінгені хабарланған..



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!