"Самұрық-Қазына" кадрлық құрамын 65%-ға жаңартты

Фотография - "Самұрық-Қазына" кадрлық құрамын 65%-ға жаңартты

Мәселен, бұған дейін басқару құрамында 16 адам болса, қазір 9 қызметкер жұмыс істейді.

166 0

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының кадрлық құрамы 65%-ға жаңарды. Бұл туралы бүгін қордың басқарма мүшесі, адам ресурстары жөніндегі басқарушы директоры Ұлан Тәжібаев мәлімдеді. Оның айтуынша біліктілік талабының күшейтілуіне байланысты соңғы екі жылда қызметкерлер саны едәуір азайған. Мәселен, бұған дейін басқару құрамында 16 адам болса, қазір 9 қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ білікті мамандарды еңбекпен қамту барынша ашық жүргізіледі. Білімі мен тәжірибесі бар кез келген азамат қордың арнайы сайтына тіркеліп, тиісті қызмет бойынша өтініш беруіне болады. Бастысы, шет тілін білуі шарт. Ал кәсіби шеберлік танытып, 3 сатылық сыннан сүрінбей өткен үміткер ұлттық компанияға жұмысқа қабылданады. Қазір "Самұрық-Қазына"-да бос тұрған 13 жұмыс орны бар. 

Ұлан Тәжібаев, "Самұрық Қазына" АҚ басқарма мүшесі, адам ресурстары жөніндегі басқарушы директоры: 

- Тиісті деңгейдегі қызметкер болмаса, шетелдік мамандарды тағайындаймыз. Сондай-ақ жергілікті мамандарды орнына отандық кадрларды дайындау жұмысын жүргізудеміз. 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!