В.Божконың кандидатурасы Алматы облысынан ұсынылды - ҚХА

Фотография - В.Божконың кандидатурасы Алматы облысынан ұсынылды - ҚХА

Владимир Божконың алдағы ҚР мәжiлiсiнiң V кандидатурасына сайлаудағы кандидатурасы Алматы обласынан ұсынылды.

269 0

Қазiргi уақытта ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары болып табылатын Владимир Божконың алдағы ҚР мәжiлiсiнiң V кандидатурасына сайлаудағы кандидатурасы Алматы обласынан ұсынылды. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлiмдедi, деп хабарлайды Baq.kz

"Бүгiн Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Парламенті Мәжілісінің V-шақырылымына депутаттыққа кандидаттарды ұсынды. Бұл орайда, ауқымды жұмыстар атқарылып, үлкен талқылаулар жүргiзiлгенiн атап өткiм келедi. Кандидаттарды ұсыну мәселесiн талқылауда Ассамблея мүшелерi ұсынған басты қағидаттар мен өтiнiштердiң бiрi - депутаттардың 2 мерзiмнен аса сайланбауы болды. Тағы бiр бағыттардың бiрi - гендерлiк саясатты ұсиану болды. Сол себептi, кандидаттар қатарына енгiзу үшiн 2 әйел адам ұсынылды", - дедi ол.

Сондай-ақ, Е.Тоғжанов мәлiм еткендей, өңiрлерден өкiлдердiң кандидатталыққа ұсынылуы басты қағидалардың бiрi болды.

"Осы жерде бiр айта кететiн мәселе, Владимир Карпович Божко Алматы облысынан ұсынылды. Өздерiңiз бiлетiндей, бiрнеше жыл бұрын Алматы облысының Қызылағаш ауданында қиын төтенше жағдай орын алған болатын. Сонда апат салдарын жою бойынша шараларға ат салысқандарды Алматы облысының тұрғындары ұмытпаса керек-тi. Бүгiн Алматы облысы ҚХА кеңесi В.Божконың кандидатурасын ұсынды", - дедi ҚХА өкiлi.

Еске сала кетсек, бүгін ҚХА Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды ұсынған болатын. ҚХА Кеңесi мүшелерiнiң дауыс беруiмен ҚХА-дан Мәжiлiс сайлауына 9 кандидат сайланды. Оларды атап өтсек, бұл ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты Роман Ким, ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты Ахмед Мурадов, ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты Юрий Тимощенко, "Егемен Қазақстан" республикалық газетi" АҚ президентi Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Владимир Божко, Қызылорда облысы ҚХА Аналар кеңесiнiң төрағасы Наталья Жұмадiлдаева,

Республикалық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Шаймардан Нұрымов, Дүнген этномәдени орталықтары қауымдастығының басқарма мүшесi Шакир Хахазов, Армян этномәдени бiрлестiгiнiң төрағасы Нарине Микаелян. Ал Князь Мирзоев, Александр Барон, Зиятдин Касанов, Талғат Мамашев, Павел Феодориди сайлауға түсуден бас тартып, өз кандидатураларын тiзiмнен алып тастады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!