Еліміздің бірқатар аймағында ауа райы жауын-шашынды болады

Фотография - Еліміздің бірқатар аймағында ауа райы жауын-шашынды болады

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді

295 0

Республиканың басым бөлігінде күн ашық, тек еліміздің орталығы мен шығысында атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа райы жауын-шашынды. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz. 

Қазгидрометтің мәліметінше, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі деп күтілуде. Ақмола облысының кей жерлерінде –тұман, көктайғақ. Қарағанды, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерін тұман басады, жел күшейеді. Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!