АҚШ-та қаза тапқан жеткіншектер ҚР елшілігінде консулдық тіркеуде болмаған

Фотография - АҚШ-та қаза тапқан жеткіншектер ҚР елшілігінде консулдық тіркеуде болмаған

Қайғылы оқиғада 12 жасар асыранды қытайлық қыз аман қалған

625 0

Вашингтон штаты Бэлфейр қалашығында қаза тапқан жеткіншектер АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінде консулдық тіркеуде болмаған, деп жазады Today.kz  Қазақстандағы Адам құқығы бойынша өкілеттіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Қазіргі кезде олардың асырап алудың егжей-тегжейі анықталуда.

"Көз жұмған балалардың үлкені кәмелетке толғандықтан, Қазақстан заңнамасы бойынша ол ҚР мен АҚШ азаматтығы арасында таңдау жасау құқы болды, алайда, әзірге оның біздің елдің азаматтығынан айырылды ма, жоқ па белгісіз", - делінген хабарламада.

Ведомствода қайғылы оқиға туралы хабар белгілі болған кезден бастап мекеме ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті және өзге де мүдделі органдармен тығыз байланыста отырғанын хабарлады.

"Аталған жайт мұндай оқиғалардың біздің азаматтармен қайталануына жол бермеу үшін толық қадағалауды қажет етеді. Әрине, ҚР құзырлы органдарының жұмысы еліміздің азаматтарын оларға зиян келтіруі мүмкін тұлғалардың асырап алуына жол бермеуге бағытталуы керек", - деп хабарлады ҚР Обмудсмен аппаратының баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 26 ақпанда болды. Белфейр қаласында (Вашингтон штаты) 16 және 18 жасар жасөспіорімдер мен оларды асырап алушы әйел адам қолынан қаза тапқан. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, оқ атқан көз жұмған әйелдің 51 жасар күйеуі Дэвид Уэйн Кэмпбелл. Ол өзіне де қол слған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Қытайдан асырап алған 12 жасар қызын да атқан. Бірақ, бақытқа орай қыз тірі қалды.

Кейін БАҚ бетінде балалардың Қазақстаннан асырап алынғандығы туралы ақпарат пайда болды. 29 ақпанда көз жұмған балалардың отбасы мүшелері Тори мен Куинн атты қаза тапқан жасөспірімдердің Қазақстаннан асырап алынғандығын растады.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!