АҚШ-та өлтірілген жеткіншектер көкшетаулық болған

Фотография - АҚШ-та өлтірілген жеткіншектер көкшетаулық болған

Олар Щучинск Балалар үйінің тәрбиеленушісі болған

538 0

АҚШ-та қаза тапқан жас өспірімдер Щучинск балалар үйінің тәрбиеленушілері болғаны анықталды, деп жазады Today.kz ҚР БҒМ-ға сілтеме жасай отырып. 1997 жылы туған Көктиев Тимур Даниярұлы және 1999 жылы туған Абрахманов Дамир Дулатұлы (асырып алынғаннан кейін – Карлсон Тори Тимур және Карлсон Куинн Дамир) Ақмола облысы Көкшетау қаласының тумалары болған.

"Ақмола облысы Щучинск аудандық соты Тимур Көктиев пен Дамир Абдрахмановты асырап алу туралы шешімді 2002 жылы шілде айында шығарған. Асырап алу кезінде Тимур 5 жаста, Дамир – 3 жаста болған. Асырап алушылар – 1957 жылы туған Карлсон Терри Уильям  және 1966 жылы туған Карлсон Лана Джейн, АҚШ азаматтары, асырап алу сәтінде Вашингтон штаты Сиэтл қаласында тұрып жатқан", –  делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, Қаза болған жас өспірімдер ҚР Елшілігінің консулдық тіркеуінде болмаған. Қайғылы оқиға 26 ақпанда болды. Белфейр қаласында (Вашингтон штаты) 16 және 18 жасар жасөспіорімдер мен оларды асырап алушы әйел адам қолынан қаза тапқан. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, оқ атқан көз жұмған әйелдің 51 жасар күйеуі Дэвид Уэйн Кэмпбелл. Ол өзіне де қол слған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Қытайдан асырап алған 12 жасар қызын да атқан. Бірақ, бақытқа орай қыз тірі қалды.

Кейін БАҚ бетінде балалардың Қазақстаннан асырап алынғандығы туралы ақпарат пайда болды. 29 ақпанда көз жұмған балалардың отбасы мүшелері Тори мен Куинн атты қаза тапқан жасөспірімдердің Қазақстаннан асырап алынғандығын растады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!