4 наурыздан бастап сайлаушылар тізімін тексеруге болады

Фотография - 4 наурыздан бастап сайлаушылар тізімін тексеруге болады

Тізімге қосу, одан алып тастау немесе түзету туралы өтініштер учаскелік сайлау комиссиясымен өтініш берілген күні қаралады

382 0

Қалалық сайлау комиссиясының мәліметінше, тізімге тиісті сайлау учаскелері аумағында тұратын жері бойынша тіркелген ҚР азаматтары енгізілді. Елордалықтар тізіммен өз сайлау учаскесінде таныса алады, сондай-ақ, мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, қате берілген мәліметтерге, дәлсіздіктерге, өздері туралы мәліметтердің болмауына байланысты шағым беру алады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Тізімге қосу, одан алып тастау немесе түзету туралы өтініштер учаскелік сайлау комиссиясымен өтініш берілген күні қаралады. Оң шешім қабылданған жағдайда, сайлау комиссиясы сайлаушыны бірден тізімге қосады немесе мәліметтерді түзетеді. Ал өтініш қабылданбаған жағдайда, адамға себебі көрсетілген шешімнің көшірмесі ұсынылады, ол бойынша сотқа шағым беруге болады.

Астана тұрғындары қаладан тыс шыққан жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясынан дауыс беру құқығымен есептен шығару куәлігін алады. Бұл үшін 4-19 наурыз аралығында өтініш жазып, жеке куәлікті ұсыну керек.

Айта кетейік, учаскелік сайлау комиссиялары күн сайын сағат 09.00-20.00 дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Олардың орналасқан жерлері мен байланыс телефондары төменде көрсетілген. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!