Бас Прокурор Патриция Скотландпен кездесті

Фотография - Бас Прокурор Патриция Скотландпен кездесті

Кездесуді аша отырып, А. Дауылбаев қонақты құрамына 53 ел кіретін Ұлттар Қауымдастығының Бас хатшысы лауазымына сайлануымен құттықтады

126 0

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Ұлыбританияның көрнекті саяси және мемлекеттік қайраткері баронесса Патриция Скотландпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Кездесуді аша отырып, А. Дауылбаев қонақты құрамына 53 ел кіретін Ұлттар Қауымдастығының Бас хатшысы лауазымына сайлануымен құттықтады.
А. Дауылбаев баронессаның азаматтық және қылмыстық сот төрелігі жүйесін жаңғырту, еуропалық заңнаманы реформалау мен дамыту саласындағы қызметіне аса қызығушылық танытты. Англия мен Уэльстің Бас прокуроры болған кездері, сондай-ақ Лордтар палатасында, сыртқы және ішкі істер министрліктерінде жауапты лауазымдарда қызметте болған уақытта Патриция Скотланд Ұлыбританияның құқықтық жүйесін нығайтуға және құқықтық органдардың әрекеттестігіне елеулі үлес қосқан.
Қылмыстық-құқықтық заңнаманың дамуы, күрделі алаяқтық қылмыстарды тергеу оның белсенді қатысуымен өткен. Сондай-ақ ол қылмыстық істерді тергеу және мемлекеттік айыптауды қолдау өкілеттігі бар Корольдіктің прокурорлық қызметінің Офисіне жетекшілік еткен.
Сұхбаттасу барысында Бас Прокурор қазақстандық прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметі, қылмыстық қудалау кезінде адам құқығының қорғалуы прокурорлардың айрықша назарында екендігіне назар аудара отырып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жасалған қадамдар туралы хабарлады.
Ол болып өткен кездесудің екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және Қазақстан мен Ұлыбританияның құқықтық жүйелерін дамыту тұрғысында тәжірибе алмасудың жоғары маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында сонымен қатар трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, экстремизм мен терроризмге, заңсыз жолмен табылған ақшаны жылыстатуға қарсы әрекет жасау аясындағы, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар екі елдің құзіретті органдары арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастарды ризашылықпен атап өтті.
Сұхбаттасышылар атап өткендей, заманауи ғаламның қауіп-қатерлеріне тосқауыл қою мағынасында халықаралық құқықтық ынтымақтастықты кеңейту маңызды фактор болып табылады. Құқықтық саладағы тығыз ынтымақтастық мақсатында шарттық-құқықтық базаны кеңейту, ақпарат, жиналған тәжірибемен және мамандармен алмасу тетіктерін реттеу қажет екендігін аталып өтілді.
Патриция Скотланд қазақстандық прокуратураның елдің халықаралық-құқықтық саясатын жүзеге асырудағы рөлін жоғары бағалады және құқықтық саладағы ынтымақтастықты тереңдетудегі ниетін растады.
А.Дауылбаев Ұлттар Қауымдастығының қатысушы елдерімен екіжақты және көпжақты қарым-қатынастар аясында өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюдағы баронесса Скотландтың ықпал етуіне үміт білдірді 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!