Қазақстан Алғыс күнін атап өтуде

Фотография - Қазақстан Алғыс күнін атап өтуде

Жаңа мереке Елбасының ұсынысмен қабылданды

502 0

Қазақстанда алғаш рет алғыс күнін аталып өтілуде, деп жазады Today.kz. Жаңа мерекені тойлау идеясы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

Ұсынысты Елбасы 2015 жылы 23 сәуірде Қазақстан халықтар ассамблеясының XXII сьезі барысында жасаған. Столыпин реформалары кезінде Ресейден, Украина мен Белоруссиядан 1,1 миллион адам көшірілген болатын. 30 жылдардағы ұжымдастыру кезінде 250 мыңнан астам шаруа көшірілді, ал өндірістік орындар салуға Қазақстанға тағы 1,2 миллион адам келгенін еске салды Президент.

Осы себепті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА құрылған күн 1 наурызды "Барлық этностардың бір біріне және жылы қарсы алып, мейірімділік танытқан қазақтарға алғыс айту күні" ретінде тойлауды ұсынды.

2016 жылдың 15 ақпанында Қазақстан президенті ҚР кәсіби және өзге мерекелер туралы жарлықты өзгертуге қол қойып, елімізде екі жаңа мереке – Алғыс күні және Геолог күні пайда болды. Геолог күні сәуірдің алғашқы жексенбісінде тойланады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!