Қазақстанда тағы бір оператор 4G жүйесін іске қосты

Фотография - Қазақстанда тағы бір оператор 4G жүйесін іске қосты

4G жүйесі моблильді интернет мүмкіндігін жылдамдатады

328 0

Tele2 операторы LTE желісін тестілеуден сәтті өткізгеннен кейін Алматыда, Астанада, Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында төртінші буындағы (4G) мобильді байланыс қызметін ұсынды. Қазақстанның қалған аймақтарында қызмет 31 наурызда қол жетімді болады, деп хабарлайды Today.kz.

Осылайша, ALTEL компаниясынан кейінгі ҚР аумағында LTE жүйесін іске қосқан Tele2 екніші оператор болды. Қызмет 2015 жылы ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Байланыс жөнінде комитеті байланыс операторларына қолда бар жиілік пен қосымша жиілік диапазонын қосып бергеннен кейін "технологиялық бейтараптық" қағидасы бойынша 4G қызметін ұсыну шешімі қабылданғаннан кейін мүмкін болды.

4G қызметі минутына 100 мегабайттық жылдамдығы жоғары мобильді Интернетпен қолдануға мүмкіндік береді. Бұл осы уақытта анықтығы жоғары бейнероликтерді көруге, моблильді нтернет арқылы ауыр файылдарды жазып алуға және Интернет парақшаларды жылдам ашуға мүмкіндік береді.

4G қызметін пайдалану үшін осы стандартқа сай құрылғы мен SIM-карта болуы шарт. Tele2 абоненті өзінің SIM-картасының мүмкіндігін *187# командасын теру арқылы тексере алады. SIM-карта LTE стандартына сай болмаған жағдайда ауыстырып беру тегін болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!