Назарбаев Алғыс күні әріптестерінен кешірім сұрады

Фотография - Назарбаев Алғыс күні әріптестерінен кешірім сұрады

Бұл қор әрбір ауылда, ауданда, облыс пен қалада әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде үлкен орын алмақ

1177 0

Елімізде Қазақстан халықтар ассамблеясының арнайы қайырымдылық қоры пайда болады. Бұл туралы Алғыс күніне арналған "Тарихтан тағылым – өткенге тағзым" экспозициясын таныстыру барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.

"Бұл күнді көмекке зәру жандар мен жақындарға қайрымдылық пен қолдау көрсетудің ерекше акцияларын өткізу арқылы тойлау керек. Осыған байланысты ассамблеяның арнайы қорын құрған жөн болар. Әсіресе әрбір ауылда, ауданда, облыс пен қалада әлеуметтік маңызды мәселелерді шешетін қоғамдық акциялардың орны үлкен. Сондықтан бүгін Қазақстан халқына зор алғысымды білдіргім келеді. Бірлікке деген жігері, адамдар арасындағы түсіністік пен достастық үшін. Әр отбасында тыныштық пен береке болсын", - деді Назарбаев.

Елбасы Алғыс күні Қазақстандағы маңызды және әр тұрғынның жүрегіне жақын мереке болатынына сенім білдірді.

"Адамдар жақсылықты бағалай білуге, жақсылыққа жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластықта болуы шарт.Құндылықтардың киелі қадіріне жете алған елдің келешегі кемел. Мен алғыс айту күнін осындай мақсатпен белгіледім. Адамдар бүгінгі таңда біреудің кемшілігін байқаса, қатты сөздер айтылса, біреуде өкпесі болса кешірім сұрағаны жөн. Менің өзім де бүгін таңертең барлық әріптестерімнен жұмыс бабымен ренжіткен жерлерім болса, көңілдерін түсірсем өкпе болмасын деп кешірім сұрадым. Бүгінннен бастап барлығын кешіріп жаңа қарым- қатнасты бастайық. Кешірім әр жанұяда, жастардың арасында, үлкендерде де болуы керек . Бұл дегеніміз үлкен күш", деп аяқтады Елбасы.

Естеріңізге салсақ, Елбасы 2015 жылы 23 сәуірде Қазақстан халықтар ассамблеясының XXII сьезі барысында жасаған. 2016 жылдың 15 қаңтарында Назарбаев сәйкес жарлыққа қол қойды.

2016 жылдың 1 наурызыда Қазақстан алғаш рет Алғыс күнін тойлауда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!