Куала Лумпур қаласының жоғары оқу орындарымен жасалған келіссөздер

Фотография - Куала Лумпур қаласының жоғары оқу орындарымен жасалған келіссөздер

Келіссөздер сәтті аяқталса, Малайзиялық ғалымдар Қазақстанға келіп, 15 тәлімгердің білімін жетілдіреді.

257 0

Малайзияда қызметтік іс-сапармен жүрген ҚМДБ, "Нұр Мүбәрәк" университеті өкілдері мен "Асыл арна" телеарнасының түсіру тобы Куала Лумпур қаласының іргесінде орналасқан Ғылым университетіне ат басын бұрды. Ректор Мұса Ахмад қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, білім ордасының тыныс-тіршілігімен, алдағы жоспарларымен таныстырды. Құрылғанына 15 жыл болған орталықта 12 000 студент дәріс алады. Жастар сабақтарын үздік оқумен қатар, әртүрлі ғылыми жаңалықтар ашады.  Өткен  жылы Лондон қаласында өткен жас ғалымдар сайысында осы университет студенттері 2 алтын және 1 қола медаль иеленді. Ауыз толтырып айтар жетістіктері бар, алар асуы мол.

Университет туралы біраз ақпарат берілген соң, ҚМДБ-ның 2015 жылы атқарған жұмыстарын баяндайтын бейнеролик көрсетілді. Ағылшын тілінде өрбіген шағын материялда имамдар форумынан бастап, үгіт-насихат жұмыстарымен бірге қайырымдылық шараларына дейін қамтылған. 

Қазақстан делегациясы тарапынан алғаш болып сөз алған Бас мүфтидің кеңесшісі Қуат Раев Ержан қажы Малғажыұлының сәлемдемесін жеткізді. Қазақстанда да оқу-ағарту саласында біраз жұмыс жасалғанын, шетелмен жақсы байланыс орнағанын айтты. Бүгінде екі жақты келісім бойынша отандастарымыздың Мысыр, Ресей, Өзбекстан, Түркия және Малайзия мемлекеттеріне барып білім алуларына жол ашылған. Қазірдің өзінде осында келіп, ғылым үйренем дегендер аз емес. Тек жайлы жағдай жасалса болғаны.

Ғылым университетінің оқу жүйесі бойынша проректоры Жулкипле абд Шани бұл ұсынысқа  қуана келісетінін айтып, бакалавр, магистр мамандықтарын оқытумен қатар, халал саласы бойынша да  білімін жетілдіруге қауқарлы екенін жеткізді. Тек бұл уағдаластықтар болашақта қағаз жүзінде қол қойылғанда ғана күшіне енеді. Ал екі жақты кездесу соны жылдамдататын жол.

"Нұр-Мүбәрәк" Египет ислам университетінің проректоры Шәмшитдин Керім аталған келіссөздерді жүзеге асыру үшін әлі бірнеше кездесу өткізу керектігін айтып, малайлықтарды Қазақстанға келіп кетуге шақырды. Келіссөздер сәтті аяқталса, Малайлық ғалымдар Қазақстанға келіп, 15 тәлімгердің білімін жетілдіреді. Есесіне отандық ғалымдар да Куала Лумпурге жол тартады. Осылайша, білім беру ісі жолға қойылады.

Фото - фото: ©Нұрболат ЖантеліФото - фото: ©Нұрболат ЖантеліФото - фото: ©Нұрболат ЖантеліФото - фото: ©Нұрболат ЖантеліФото - фото: ©Нұрболат ЖантеліФото - фото: ©Нұрболат ЖантеліФото - фото: ©Нұрболат ЖантеліФото - фото: ©Нұрболат Жантелі

Келіссөз жүргізу Теренгану штатындағы "Зейнуль Абедин" университетінде жалғасын тапты. Алғаш Қазақстандағы руханият саласында атқарылып жатқан ізгі істерді баяндайтын шағын бейнематериял көрсетілді. Мұнан соң аталған білім ордасының тарихы мен өркендеу жолынан құлағдар болдық.

"Нұр-Мүбәрәк "Египет ислам университетінің проректоры Шәмшиддин Керім: "Алдағы уақытта  15 студентіміз осында келіп ағылшын тілін үйренсе, есесіне біздің университет те малайлықтарды қабылдап, араб тілін үйретсе, осылайша тәлімгер алмассақ" -- деген пікір айтты. Университет басшылығы мұнымен келісетінін және  Құранды үйреніп, өзгелерге үйретудің тың тәсілдерінен де тәжірибе жинауға мүмкіндік берілгенін қалайтындарын айтты.

ҚМДБ-ның "Жалпы және жастар ісі" бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы жастар арасында пікір алмасу, білім үйрену, тәжірибе жинақтау бағыттарына тоқталды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының кеңесшісі Қуат Раев ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақстанда 2500-ден астам мешіт бар екенін айтып, ел руханиятындағы соны ақпараттарды баяндады. Және алдағы уақытта имамдардың білімін жетілдіру ісі жолға қойылғанын қалайтынын айтты.

Малайзияға жасалған сапардың негізгі мақсаты: Шетелдердегі діни оқу орындарында оқитын отандастарымыздың елімізге оралуына ықпал ету, дұрыс діни бағыт-бағдар беру, "Терроризм және экстремизммен" күрес және "Діни бірлестіктер туралы" ҚР-ның Заңына сәйкес құқық бұзушылыққа жол бергізбеу, түсіндірме-насихат жұмыстарын жүргізу болатын. Делегация мүшелері алға қойған міндеттерін орындап, екі жақты байланысты күшейтіп, студент алмасу, имамдардың білімін жетілдіру, қос диплом беру бойынша жемісті де жеңісті кездесулер өткізді.

Бұйыртса алдағы уақытта "Асыл арна" телеарнасында, Малайзияға жасалған сапардың қортындысы ретінде "Жемісті сапар" бағдарламасының 4-ші саны көрерменге жол тартады.

"Асыл арна" телеарнасы



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!