Елімізде ішкі рейстердің билеттері арзандап келеді

Фотография - Елімізде ішкі рейстердің билеттері арзандап келеді

Қазақстандық туризм саласы өкілдерінің айтуынша, 2015 жылы шет елдерге шығу сұранысы алдындағы жылмен салыстырғанда 70-80 пайызға төмендеген

208 0

Халықаралық ұшақ рейстерінің бағасы қымбаттап жатқанда, еліміздегі ішкі рейстердің билеті керісінше арзандап келеді. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында саяхаттау онлайн-агенттігінің даму жөніндегі директоры Алексей Ли айтып берді.

Агенттік жүргізген зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, жарты жыл ішінде халықаралық бағыттағы рейстердің билет бағасы 30 пайызға қымбаттаған. Бағаның ендігі өсуі немесе арзандауы туралы болжап айту оңай емес. Себебі, мұның бәрі валюта бағамдарының бағытына тәуелді.

"Дегенмен, ішкі рейстер бәсеке мен төртінші оператордың іске қосылуынан кейін арзандап келеді",- дейді Алексей Ли.

Қазақстандық туризм саласы өкілдерінің айтуынша, 2015 жылы шет елдерге шығу сұранысы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 70-80 пайызға төмендеген.

Қазақстанның туристік қауымдастығының мәліметінше, отандастарымыз Грузия, Армения, Әзірбайжан, Ресей, Украина елдеріне қызығушылық  танытып отыр. Сондай-ақ, туристік компаниялар ішкі нарыққа қарай маманданады.

"Көптеген туристік компаниялар ішкі туризммен айналысатын бөлім ашты. Жақсы шипажайлар ұсынылып жатыр. Байқоңырға қызығыушылық танытатындар көп. Қазіргі таңда мұнда 7 компания тіркелді",- дейді Қазақстанның туристік қауымдастығының менеджері Алина Дәулетбақова.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!