АҚШ елшілігі жеткіншектер қазасына байланысты ресми мәлімдеме жасады

Фотография - АҚШ елшілігі жеткіншектер қазасына байланысты ресми мәлімдеме жасады

АҚШ дипломатиялық миссиясы болған оқиғаға қайғысын білдірді

320 0

Қазақстандағы АҚШ елшілігі Белфейрдегі қазақ жасөспірімдерінің өліміне байланысты қайғылы оқиғаға ресми мәлімдеме жаады, деп хабарлайды Today.kz.

АҚШ халқы Қазақстанның халқымен бірге қайғыруда. АҚШ құқық қорғау органдары орын алған оқиғаның нақты мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Бұл оқиғадан соң АҚШ мемлекеттік департаменті Вашингтондағы Қазақстаннның елшілігімен хабарласқандай, АҚШ дипломатиялық миссиясы Астанадағы Сыртқы істер министрлігімен хабарласты. Біз өзіміздің басқа елдерден асырап алынған балалардың әлеуметтік қорғанысын қамтудағы тәжірибемізге қатысты АҚШ-тағы балалардың әлеуметтік қорғанысымен айналысатын қажетті органдар мен Қазақстанның ресми өкілдерінің қарым-қатынасын қамтамасыз етуді жалғастырамыз. АҚШ дипломатиялық миссиясы америкалық отбасылары асырап алған қазақстандық балалар (6600 адамнан артық) бүкіл ел ішіндегі Америкалық қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосып, бақытты жағдайда өмір сүреді деген фактіге назар аударғысы келеді».

Естеріңізге салсақ, Қаза болған жас өспірімдер ҚР Елшілігінің консулдық тіркеуінде болмаған. Қайғылы оқиға 26 ақпанда болды. Белфейр қаласында (Вашингтон штаты) 16 және 18 жасар жасөспіорімдер мен оларды асырап алушы әйел адам қолынан қаза тапқан. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, оқ атқан көз жұмған әйелдің 51 жасар күйеуі Дэвид Уэйн Кэмпбелл. Ол өзіне де қол слған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Қытайдан асырап алған 12 жасар қызын да атқан. Бірақ, бақытқа орай қыз тірі қалды.

Кейін БАҚ бетінде балалардың Қазақстаннан асырап алынғандығы туралы ақпарат пайда болды. 29 ақпанда көз жұмған балалардың отбасы мүшелері Тори мен Куинн атты қаза тапқан жасөспірімдердің Қазақстаннан асырап алынғандығын растады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!