Астанада Қазақстан халқының фестивалі өтті

Фотография - Астанада Қазақстан халқының фестивалі өтті

Бүгін Астанада аталған мерекеге орай бірқатар шаралар ұйымдастырылды

418 0

Бүгін қала тұрғындары Алғыс айту күнін мерекелеуде. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясы барысында Алғыс айту күнін мерекелеуді ұсынған болатын. Елбасы үстіміздегі жылдың қаңтар айында тиісті заңға өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Астанада аталған мерекеге орай бірқатар шаралар ұйымдастырылды. ҚР Ұлттық музейінде "Бір шаңырақ астында" Қазақстан халқының фестивалі өтті. Шара барысында елордалық оқушылар этномәдени бірлестіктермен бірге концерт қойып, қолдан жасалған бұйымдар жәрмеңкесінде өздері жасаған бұйымдарды ұсынды.

– Алғыс айту күні Қазақстанда алғаш рет мерекеленіп отыр. Бұл мереке арқылы ел аумағында ұлтаралық келісімді және халықтың бірлігін нығайта түсеміз. Бүгінгі фестивальдің мақсаты – мемлекетімізде тұрып жатқан этностардың мәдениетін көрсету, – деп түсіндірді шараны ұйымдастырушылар.

Музей холлында елордалық студенттер мен оқушылар өз қолымен жасаған бұйымдар қойылған стендтер орнатылды. Оның ішінде картиналар, тоқылған бас киімдер, сөмкелер, әшекейлер және т.б. болды. Сонымен қатар, жәрмеңкеде этномәдени бірлестіктердің өкілдері қолдан жасаған бұйымдар да көпшілік назарына ұсынылды.

– Барлығын орталыққа келіп жүретін балалар мен әжелер жасаған. Бисерден жасалған гүлдер, кестелер, күршекпен тоқу – осының барлығы неміс мәдениетін жеткізеді. Мұндай шараларға ұдайы белсенді түрде қатысамыз, өйткені бұл бір-бірімізді жақсы тануға септігін тигізеді, – деді "Возрождение" неміс қоғамының қолөнер үйірмесінің оқытушысы Татьяна Гусак.

Сонымен қатар, фестиваль аясында мерекелік концерт өтіп, қазақ күйлері, орыстың халық әндері, неміс, поляк тіліндегі музыкалық композициялар, армян биі мен украиндік гопак орындалды.

Мұнымен қоса, Алғыс айту күні сыйлықтар сыйлап, мейірімділік таныту керек. Осыған орай музейде "Музей кітапханасына кітаптар сыйлау" акциясы өткізілді.

Айта кетейік, Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі де бірқатар қайырымдылық шаралар өткізді.

Акция Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығында өтті. Ювеналды полиция инспекторлары онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға ермексаз бен М. Әуезов, Ж. Аймауытов, І. Есенберлин сияқты авторлардың көркемдік әдебиеттерін, сондай-ақ, балалар энциклопедияларын сыйға тартты.

Сондай-ақ, елордалық тәртіп сақшылары тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 60 жуық баланы М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрына шақырды.

Бүгін Астана қаласының ІІД ЖПҚ ювеналды полиция инспекторлары кішкентай көмекшілермен бірге адамдар көп жиналатын орындарда қарт адамдарға балалар өз қолдарымен жасаған ерекше бұйымдарды таратады. Бұл күні Ішкі істер органдарының ардагерлеріне де сыйлықтар табысталады. Ал мектеп инспекторлары Қарттар үйінде концерт қояды, неврологиялық орталықтағы балаларға жұмсақ ойыншықтар мен кәдесыйлар таратылады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!