Назарбаев Сирия қақтығысына қатысушыларға қатысты ойын айтты

Фотография - Назарбаев Сирия қақтығысына қатысушыларға қатысты ойын айтты

Ол қақтығысты тоқтату келісімін орындауға шақырды

437 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесу барысында Сириядағы қақтығыс жайын да сөз етті. Өз сөзінде ол Қазақстан халықаралық терроризм мен экстремизге қарсы күрес маңызды деп санайтынын жеткізді, деп жазады  Today.kz

"Сириядағы қақтығыстар аймақтан тысқары да әсер етіп жатыр: мұншама босқындар мен бас ауған адамдар Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болмаған",- деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Халықаралық қоғамдастықтың *ИСИМ-мен бөлек-бөлек күресі террористерге ыңғайлы болып тұрғанын атап өтті ол.

"Сондықтан мен БҰҰ шеңберінде халықаралық терроризм мен экстремизге қарсы күресетін жаһандық желі құруды ұсындым. Мұндай жағдайда барлық елдер бірікпесе, біз жетістікке жете алмаспыз", - дейді Елбасы.

Сонымен бірге Назарбаев, РФ мен АҚШ арасындағы Сириядағы қақтығысты тоқтату туралы келісімін Қазақстанның қолдайтынын жеткізді.

*ИСИМ – Қазақстан аумағында қызметіне тиым салынған террористтік топ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!