Қазақстан алдағы уақытта Ауғанстанға мүмкіндігінше көмектеседі – Н.Назарбаев

Фотография - Қазақстан алдағы уақытта Ауғанстанға мүмкіндігінше көмектеседі – Н.Назарбаев

Орталық Азия елдерімен ынтымақтастыққа біз басымдық береміз

296 0

 Қазақстан алдағы уақытта да Ауғанстанның экономикалық, әлеуметтік дамуына мүмкіндігінше көмектеседі. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық миссия жетекшілерімен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

"Қазақстан алдағы уақытта да Ауғанстанның экономикалық, әлеуметтік дамуына мүмкіндігінше көмектеседі. Инфрақұрылымдық даму, жастарды оқыту бойынша қолдау көрсетеміз", - деді Президент.
Мемлекет басшысы, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерін ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

"Орталық Азия елдерімен ынтымақтастыққа біз басымдық береміз. Біз тағы бір мәрте осы өңірдегі мемлекеттерді ортақ мәселелерді шешу үшін бірігуге шақырамыз. Бұл су ресурстары, сауда, ортақ қауіпсіздік түйіткілдері. Көршілеріміздің немқұоайдылық танытпайды деген үміттеміз. Еуразиялық экономикалық одақ, Ұлы Жібек жолы, сондай-ақ Қазақстанның "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық бағдарламасының түйісуі жаңа мүмкіндіктер ашып отыр", - дейді Н.Назарбаев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!