Forbes журналының жаңа тізіміндегі Қазақстан миллиардерлері

Фотография - Forbes журналының жаңа тізіміндегі Қазақстан миллиардерлері

Топ бастап тұрған Болат Өтемұратов

587 0

Қазақстандағы ең ауқатты адамдардың жаңа тізімі жарияланды. Топ бастап тұрған Болат Өтемұратов. Билік пен бизнесті қоса алып жүрген Өтемұратовтың байлығы 2,3 миллиард долларды құрайды.  

Forbes журналының жыл сайынғы рейтингіне сәйкес Болат Өтемұратов әлемдегі миллардерлердің тізімінде 771 орынға жайғасқан. Ал, Қазақстан бойынша екінші орынға жайғасқан Тимур мен Динара Құлыбаевалар. Олардың осы уақытқа дейін жиған-тергені әр қайсысында 2 миллиард доллардан бағаланып, әлемдік рейтингте 906 орында тұр.

Бұдан бөлек, ең бай қазақстандықтардың бестігіне Әлиджан Ибрагимов пен Владимир Ким кірген. Ал әлем байлары тізімінің басында америкалық IT корпорациясы Microsoft-тың негізін қалаған Билл Гейтс тұр. Оның мүлкі 75 млрд долларға бағаланған. Ол осымен 17 әлемнің ең бай адамы атанып отыр. 


almaty.tv



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!