Ресейлік ғарышкер Волков қазақстандық "Достық" орденімен марапатталды

Фотография - Ресейлік ғарышкер Волков қазақстандық "Достық" орденімен марапатталды

2016 жылғы 2 наурызда Қарағанды облысындағы Жезқазған қаласының маңайына ұшқыш басқаратын ғарыш кемесінің қону аппараты қонды.

271 0

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен ресейлік ғарышкер Сергей Волков Мемлекеттік награда – "Достық" орденімен марапатталды, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі. 

2016 жылғы 2 наурызда Қарағанды облысындағы Жезқазған қаласының маңайына ұшқыш басқаратын ғарыш кемесінің қону аппараты қонды, Халықаралық ғарыш станциясынан жылдық экспедициядан соң, ерекше экипаж – олар "Союз ТМА-18М" орбитада жарты жылға жуық жұмыс істеген ресейлік ғарышкер Сергей Волков, сондай-ақ жылдық ғарыштық миссиясын орындаған ресейлік ғарышкер Михаил Корниенко мен американдық астронавт Скотт Келли Жерге аман-есен оралды.

С. Волков жер төңірегіндегі орбитаға құрамында қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов ұшқан экипаждың командирі болғанын естеріңізге саламыз.

М. Корниенко мен С. Келли жерге түскеннен кейін, Марсқа қонған сияқты қалыппен қону аппаратынан өздігінен шығатынын атап өткен жөн.

Қазақстан тарапынан қарсы алушы делегациясының арасында Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Ресей батыры, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ұшқыш-ғарышкер, Қазақстан Республикасының авиация-генералы Талғат Мұсабаев пен Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов болды.

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша ғарыш экспедициясының мүшелерін қарсы алу кезінде Қазақстан мен Ресей халқы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Т. Мұсабаев Роскосмостың ғарышкері Сергей Волковты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградасы – 2-ші дәрежелі "Достық" ("Дружба") орденімен марапаттады.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!