Алматыда мұз сарайының құрылысына 6,1 миллиард теңге үнемделеді

Фотография - Алматыда мұз сарайының құрылысына 6,1 миллиард теңге үнемделеді

Алматы әкімдігі құрылысқа кеткен жалпы сомманы атады

313 0

Алматыда Универиада 2017 нысандарының бірі – мұз сарайын салуға жоспарланған қаржыдан 6,1 миллиард теңге азырақ жұмсалатын болды. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары ҚР Президенті тапсырмаларын орындау бойынша кеңейтілген отырыс барысында мәлімдеді, деп жазады Today.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сонымен бірге, Болат Сауранбаев үшы мың адамға арналған нысан құрылысының жалпы құны 24,1 миллиард теңгені құрайтынын айтты. Осылайша, үнемдеу 20 пайызды құрады.

"Медиафасад оңтайландырылды, қазақстандық үлес ұлғайтылды, жертөле мен техникалық бөлмелерді безендіру жеңілдетілді. Мерзім бойынша мұз айдыны ағымдағы жылдың 22 наурызында, ал негізгі арена, әкімшілік блок және абаттандыру 6 тамызда дайын болады. Жалпы жұмыстың аяқталу мерзімі – 30 тамыз", – деп түсіндірді әкімнің орынбасары.

Сонымен бірге, ол нысандардың салыну сапасы мен мерзімі үнемі бақылауда екенін жеткізді.

28 Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматыда 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпан аралығында өтеді. Жарыс спорттың 12 түрі бойынша жүреді. Шараның ашылу салтанаты салынып жатқан мұз сарайында өткізілмек.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!