Мұхамедиұлын қазақстандықтардың олимпиада формасына қатысты даурығуы қуантты

Фотография - Мұхамедиұлын қазақстандықтардың олимпиада формасына қатысты даурығуы қуантты

Ол мұны патриоттық көрсеткіші деп атады

260 0

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстан құрамасының алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін ойындарға арналған олимпиадалық формасына қатысты пікір білдірді, деп жазады Today.kz.

"Біз мұны талқылауға арнайы шығардық. Пікірталас жүре отырып, кемшіліктерді атағаны маңызды. Өткен жолғы Олимпиададағыдай, біздің спортсмендер ойындарға барып, олардың киімдері ұнамсыз болмас үшін. Кез келген бастама Қазақстан имиджіне әсер етеді. Шынын айтқанда, бұл форма менде де сұрақтар туындатты. Әркімнің өз талғамы бар, өз көзқарасы. Сондықтан біз тек тапсырыс берген шенеуніктер ғана емес, танымал спортсмендерді де шақырдық, олар да пікірін білдірсін деген ниетпен", - дейді Арыстанбек Мұхамедиулы. 

Министр ұсынылған форма қорытынды емес және ол жетілдірілетінін айтты. Форманы қызу талқылау, қазақстандықтардың жоғары патриоттығының көрсеткіші екенін айта кетті ол.

"Осындай реакция болғаны жақсы. Бұл қазақстандықтардың өз командалары үшін жанкүйер болатындығын білдіреді. Осының арқасында тапсырыс алған орындаушылар жауапкершілік пен қоғамдық бақылауды сезінді. Екінші жағынан біз 17 миллионбыз, форма бәріне ұнай беруі мүмкін емес", - дейді министр.

Естеріңізге салсақ, 18 ақпанда Астанада қазақстандық спортсмендердің 2016 жылғы Олипиадаға баратын парадтық және спорттық киімдері таныстырылды. Киім үлгісі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Киімді тігумен отандық кәсіпорын айналысқаны хабарланды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!