Қазақстанда педофилдерді химиялық жолмен кастрациялау заңы қарастырылу үстінде

Фотография - Қазақстанда педофилдерді химиялық жолмен кастрациялау заңы қарастырылу үстінде

Сонымен бірге, Қазақстанда педофилдік үшін сотталғандардың суреттері орналастырылатын сайт ашылады

385 0

Қазақстанда педофилдерді химиялық жолмен кастрациялау заңмен бекітілуі мүмкін. Сонымен бірге, бұрын сотталған педофилдердің суреті жарияланатын сайт құру жоспарлануда, деп жазады Today.kz ҚР бас прокурорының орынбасары Иоган Меркельге сілтеме жасай отырып.

"Жақын уақытта біз сайтты жасап шығарамыз, сосын әрбір қазақстандық олардың нақты суреттерін, қайда тұратынын білетін болады. Егер сот үкімі болмаған болса, ол адамның суреті болмайды. Бұл халықаралық тәжірибе, әсіресе, АҚШ-та дамыған. Кейде адам көршісімен жақсы қарым-қатынаста жүріп, сайтқа кірген соң көзқарасын өзгерткен жайттар болған. Заң жобасы қаралу үстінде. Оның аясында педофилдерді химиялық жолмен кастрациялауда қарастырылуда", - дейді Иоган Меркель. 

Сонымен бірге, бас прокурордың орынбасары Қазақстанда мұның алдында педофилдердің статистикасы жүргізілмегендігін айтты.

Естеріңізге салсақ, Алматыда "Процесуалдық заңнама модернизациясы – әділдік пен құқық қорғау жүесі нәтижелілігінің кепілі" атты конференция өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!