Қазақстанда жыл басынан 10 мың әйелге жүргізуші куәлігі берілді

Фотография - Қазақстанда жыл басынан 10 мың әйелге жүргізуші куәлігі берілді

Барлығы 36 115 жүргізуші куәлігі, оның ішінде әйелдерге - 10 776 жүргізуші куәлігі берілген.

194 0

2016 жылдың басынан бері 10 мыңнан астам әйел Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргізуші куәліктерін алды.

"ХҚКО" РМК хабарламасында, бұл сан жыл басынан жаңа жүргізуші куәліктерін алған жалпы автомобилистер санының 30%-ына жуығы екендігі көрсетілген. Барлығы 36 115 жүргізуші куәлігі, оның ішінде әйелдерге - 10 776 жүргізуші куәлігі берілген.

"ХҚКО" РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, жүргізуші куәлігін алған автомобиль әуесқойларының саны жыл сайын өсіп келеді.

"2014 жылы, мысалы, қаңтар және ақпан айларында мамандандырылған ХҚКО-ларда 15 мыңнан астам қазақстандық жүргізуші куәлігін алды, олардың ішінде 4 мыңы - әйелдер. 2015 жылдың 2 айына - 27 мыңнан астам, олардың ішінде 8 мыңнан астамы - әйелдер. Биыл да біз жүргізуші куәліктерін беру қызметінің өсуін байқадық", - деп ол.

Естеріңізге салар болсақ, елімізде 11 мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді. Алғашқы автокөлік құралдарын тіркеу бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Қарағанды қаласында ашылды, қазір Алматы, Астана, Ақтау және Тараз қалаларында бар.


primeminister.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!