Ертең ҚХА-ның депутаттыққа кандидаттары үгіт-насихат жұмысын бастайды

Фотография - Ертең ҚХА-ның депутаттыққа кандидаттары үгіт-насихат жұмысын бастайды

None

254 0

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов ОСК брифингі барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындысымен таныстырды. 

"2016 жылғы 20 қаңтарда Ортсайлауком бекіткен, Ассамблея сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сай Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу 29 ақпаннан бастап 5 наурыз аралығындағы кезеңде өтті. Осылайша, бүгін осы электораттық науқанның екінші кезеңі - Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталады", - деді Б.Мелдешов.

ОСК хатшысының айтуынша, 2016 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидатты тіркеді.

"Кандидаттардың сапалық құрамы мынадай. Ер кандидаттар – 7 немесе 77,8%, әйелдер – 2 немесе 22,2%. Барлық 9 кандидаттың да білімі жоғары. Кандидаттар арасында үш дипломды инженер, 1 дәрігер, 1 заңгер, 1 оқытушы, тағы үшеуі – басқа мамандық иелері. Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына тіркелген кандидаттардың төртеуі ғылым, мәдениет және білім қызметкерлері болып табылады. Үшеуі – V шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары. Бір қызметкер - мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымның қызметкері және біреуі орталық мемлекеттік органда жұмыс істейді. Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың орташа жасы 57,5 жасты құрайды", - деді Б.Мелдешов.

ОСК хатшысының айтуынша, ертеңгі күннен бастап Қазақстан халқы Ассамблеясынан тіркелген кандидаттар үшін сайлау науқанының келесі кезеңі – сайлау алдындағы үгіт басталып, 19 наурыз күнгі 24.00 сағатта аяқталады. 20 наурыз – тыныштық күні. 2016 жылғы 21 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының Сессиясында сайланатын 9 Мәжіліс депутатын сайлау болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!