ІІМ әйел полицейлерді марапаттады

Фотография - ІІМ әйел полицейлерді марапаттады

Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов 500-ге жуық әйел полицейлерді наградтап, марапаттады.

433 0

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде министрлік басшылығының, ішкі істер органдары қызметкерлері мен ардагерлерінің қатысуымен 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарады ведомствоның басасөз қызметі.
Іс-шараның мақсаты – қазіргі қазақстандық әйелдердің еңбек адамы ретінде мәртебесін нығайту, дағдарыс жағдайында оның рөлін арттыру, әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару істеріне тарту, мемлекет саясатында отбасы мен некенің жағымды бейнесін қалыптастыру.
Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов өзінің құттықтауында: "Барлық – әйел қызметкерлерді, әскери қызметшілер мен ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұланның ардагер әйелдерін құттықтап, мықты денсаулық, отбастарына амандық, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Сіздер атқарып жатқан қиындығы мол, маңызды істеріңізге сәттілік тілеймін!"-деп атап өтті.
Ішкі істер органдарында 12 мыңнан астам әйел, оның ішінде 636-сы басшылық лауазымда қызмет атқарады. Әйелдердің басым көпшілігі жергілікті полиция қызметінде, мамандандырылған күзет қызметінде, сараптамалық-криминалисттік және тергеу бөліністерінде, криминалдық полицияда қызмет атқарады.
Іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ-нің клубында қызметкерлерге ведомстволық наградалар салтанатты түрде табыс етіліп, мерекелік концерт өтті.
Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында ішкі істер органдары мен ІІМ оқу орындарының 480-нен астам қызметкері ведомстволық наградалармен марапатталды.


newskaz.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!