Алматы әуежайы VIP-чартердің шұғыл қонуына байланысты екі ұшақты қондырмады

Фотография - Алматы әуежайы VIP-чартердің шұғыл қонуына байланысты екі ұшақты қондырмады

Аталған жайт екінші наурызда болған

467 0

"Алматы халықаралық әуежайы" АҚ Today.kz  редакциясының SCAT пен Air Astana авиакомпанияларының екі ұшағы қосымша аэродромдарға кету керек болған 2 наурыздағы әуе бортының апаттық қонуы туралы ресми сұранысына жауап берді. Ұшақтың гидрожүйесі істен шыққаны анықталды.  

"Жолаушылар рейсінің қосымша аэродромдарға кетуі бойынша келесідей түсінік береміз. 2016 жылдың 2 наурызы кешкі уақытта чартерлік рейс жасаған Comlux-KZ авиакомпаниясының ұшағы гидрожүйесінің істеншығуына байланысты Алматы әуежайына шұғыл түрде қонды. "Казаэронавигация" РМК Алматы әуежайына қону керек болған рейстреді қосымша аэродромға жіберу шешімін қабылдады", - делінген жауапта.

Айта кетейік, "Comlux-KZ" авиакомпаниясы" әлемдегі іскерлік авиация нарығының ірі ойыншыларына жататын Comlux компаниясының тобына кіреді. Компания VIP-чартерлік қызметтер көрсетеді.

Естеріңізге салсақ, 2 наурызда екі жолаушылар ұшағы Алматы әуежайына қона алмады. Air Astana ұшағы Бішкекке, ал SCAT ұшағы – Шымкент әуежайына бағытталды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!