Қазақстанның басым аумағында жел күшейеді

Фотография - Қазақстанның басым аумағында жел күшейеді

Кей жерлерде тұман байқалады және жел күшейеді

161 0

Бүгін еліміздің батыс және солтүстік бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, көктайғақ, баяу бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман байқалады және жел күшейеді, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Ақмола облысында желдің күші 15-20, кей жерлерді екпіні 23-28 м/с-ге күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, баяу бұрқасын болады.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, екпіні 28 м/с болады.

Жамбыл, Қарғанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел баяу бұрқасынмен 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел баяу бұрқасынмен 15-20 м/с-ге күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!