Биыл 4 мыңға жуық елордалық оқушы ҰБТ тапсырады

Фотография - Биыл 4 мыңға жуық елордалық оқушы ҰБТ тапсырады

192 оқушы "Алтын белгіге" үміткер бар.

559 0

Ертең елордада Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу туралы өтініштер қабылдау басталады және 25 сәуірге дейін жалғасады. Қалалық Білім басқармасының мәліметінше, биыл 4 мыңға жуық елордалық оқушы тест тапсырады деп күтілуде. 192 оқушы "Алтын белгіге" үміткер.

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің өкілдері мұғалімдермен, ата-аналармен және мектеп түлектерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мектептерде сынақтар, қосымша сабақтар жүргізілуде, сондай-ақ, жыл сайын түлектер психологиялық тұрғыдан дайындалады.

Еске салайық, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 1-15 маусым аралығында бұрынғы формат бойынша үш жерде өтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!