Еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында ауа райы құбылмалы болады

Фотография - Еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында ауа райы құбылмалы болады

Алматы облысының Алакөл өзенінің аймағында желдің күші 18-23, екпіні 28 м/с болады

258 0

Еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарының кей аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жауын жауып, бұрқасындатады, деп хабарлайды BNews.kz. 

Алматы облысының Алакөл өзенінің аймағында желдің күші 18-23, екпіні 28 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының кей аудандарында тұман түсіп, бұрқасындатады. Желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түседі. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!