Г. Әбдіқалықова БҰҰ Әйелдер ахуалы жөнінде комиссиясының 60-сессиясына қатысады

Фотография - Г. Әбдіқалықова БҰҰ Әйелдер ахуалы жөнінде комиссиясының 60-сессиясына қатысады

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы 10 – 12 наурыз аралығындағы сапар аясында Вашингтонда АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездеседі

859 0

Г.Әбдіқалықова онда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері аясын кеңейту мәселелері жөніне баяндама жасайды деп жоспарланған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы 10 – 12 наурыз аралығындағы сапар аясында Вашингтонда АҚШ-тың ресми тұлғаларымен, іскер топ өкілдерімен және сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді. Атап айтқанда, АҚШ-тың Әйелдердің жаһандық проблемалары жөніндегі елшісі К.Рассэллмен, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесуі көзделген. Бұдан бөлек, Мемлекеттік хатшы "Жанды дауыстар" жаһандық әріптестігі» халықаралық үкіметтік емес ұйымының гала-қабылдауында болып, аталған ұйымның президенті Э.Нельсонмен кездеседі және "Жаһандық көшбасшылық жолындағы марапат" сыйлығы лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысады.
Мемлекеттік хатшының Вашингтонға сапары Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің, Конгрестің, сондай-ақ АҚШ-тың іскер және қоғамдық топтарының өкілдері, дипломатиялық корпус қатысатын «Наурыз» мейрамына арналған мерекелік іс-шарамен қорытындыланады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!