"Ауыл" партиясы салауатты өмір салты проблемаларын талқылады

Фотография - "Ауыл" партиясы салауатты өмір салты проблемаларын талқылады

Шараға ғалымдар, салауатты өмір салты орталығының өкілдері, медицина мекемелерінің мамандары, сарапшылар қатысты

375 0

"Ауыл" ХДПП Республикалық қоғамдық штабының орталық кеңсесінде "Денсаулық жолы" тақырыбында халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесіне арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп жазды Baq.kz.

Конференцияның ұйымдастырушысы "Ауыл" партиясы. Шараға ғалымдар, салауатты өмір салты орталығының өкілдері, медицина мекемелерінің мамандары, сарапшылар қатысты.
Конференция модераторы "Ауыл" ХДПП төрағасының бірінші орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Т. Ғабділәшімов қатысушыларды "Ауыл" партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстырып өтті. "Денсаулық саласындағы мемлекеттік саясат нақты мақсаттар мен индикаторларға ие болуы тиіс, олар: өлім жітімнің азаюы, бала туу көрсеткішінің артуы, ауру сырқаулардың азаюы, өмір сүруді ұзарту, өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуда жоғары көрсеткіштерге жету, қоршаған ортаны жақсарту, өмір сүру салтындағы теріс тенденцияларды жою" деп атап өтті ол.
Ауырып ем іздегеннен, ауырмаудың жолын іздеген жөн.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, адам денсаулығының тек 10 пайызы медицина жүйесіне байланысты, 50 пайызы адамның өмір сүру салтына сәйкес қалыптасады. Оған адамды қоршаған орта, өмір сүру сапасы, денсаулықты нығайту мүмкіндіктерінің қолжетімділігі жатады.
Бұл конференция салауатты өмір салтының проблемаларын талқылайтын, оны насихаттап тарататын, сонымен қатар қоғамға сіңіруде тиімді тәсілдерді даярлайтын таптырмас алаң болып табылады.
Конференцияға қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар тиімділігін арттыру қажеттілігіне тоқталды. Сонымен қатар бұқаралық спорт түрлерін дамыту, әсіресе ауылдық жерлерде жаппай жүргізудің маңыздылығын айтты. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!