Сыздықова өзінің кандидатурасын алынуын арандатушылық деп есептейді

Фотография - Сыздықова өзінің кандидатурасын алынуын арандатушылық деп есептейді

Бақыт Сыздықова әділдікке қол жеткізбек

292 0

ҚР IV шақырылымдағы Мәжіліс Парламентінің депутаты, №17 аймақтық комиссиясы оның кандидатурасын салықтық декларациядағы мәліметтердің сәйкеспеушілігінен алып тастағаннан кейін Астана мәслихатына сайлауға түсе алмайтын болды. Бұл туралы Бақыт Сыздықова өзінің Facebook парақшасында жазған. Экс-депутат Today.kz тілшісіне берген сұқбатында бұл шешімді кері шығармақ ниетте екенін жеткізді.

"Мен бұның арандатушылық екенін білемін. Бұны маған салықтық декларацияда дұрыс мәлімет берілмеген деп түсіндірді. Бұл мүмкін емес, өйткені мен сайлауға тиянақты дайындалдым: менде салық консультациясын беретін бірнеше фирма болды, менің барлық мәліметтерімді тексерді, сондықтан менде нақты салықтық ақпарат болуымүмкін емес. Менде барлығы дұрыс екеніне сенімдімін", - дейді Сыздықова сөз барысында.

11 наурызда депутаттықа кандидат оның кандидатурасы алынып тасталғаны туралы құжаттар алған.

"Мен сотқа арыз бермекпін. Мен сайлауға дейін үлгермейтінімді білемін. Бұл арандатушылық. Олар мені отырысқа да шақырмады. Мен жоқта жасалған, мен Астанада болмаған кезде", - дейді Сыздықова. Қазір ол қала сыртында іс сапармен жүргенін айтты.

Сыздықованың кандидатурасының алынып тасталуына байланысты №17 аймақтық комиссия төрағасы Валерия Степнякова өз пікірін айтты.

"Біріншіден, қазір Сыздықова Астанада емес. Ол қалаға келген кезде біз отырыс шақырып, оған шешімді береміз. Шешімді шығарған Астананың мемлекетік кіріс департаменті. Декларация мен шешімге байланысты барлық сұрақтар – соларға жолдану керек. Бізде декларацияны тарату туралы құжат қана", - деп түсіндірді ол.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!