Алматы әлемнің өмір сүруге арзан мегаполистердің ондығына енді

Фотография - Алматы әлемнің өмір сүруге арзан мегаполистердің ондығына енді

The Economist Intelligence Unit зерттеу компаниясы 2016 жылғы зерттеу нәтижесін жариялады

328 0

Алматы әлемдегі өмір сүруге ең арзан мегаполистер тізіміне кірді, деп жазады Today.kz. The Economist Intelligence Unit (EIU) зерттеу компаниясы жариялаған топ-10 тізімінде қазақстандық мегаполис төртінші орында.  

Бұл тізімнің үштігіне Замбия астанасы Лусака, үндістандық Бангалор мен Мумбаи қалалары кірген.

EIU зерттеу барысында сараптама үшін 100 пунктен құралатын Нью-Йорк деңгейін салыстыруға алған. Алматыдағы өмір сүру құнын 44 пункт бойынша жақсы бағалаған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен тоғыз пункте төмен.

Авторлардың айтуынша, өмір сүру деңгейіне шикізаттың арзандауы әсер еткен. Топ ондыққа енген елдердің көбінде ұлттық валюта девальвацияға ұшыраған. Алайда, валютасы құлдырағанмен тізімге енбеген елдер де бар.

"Ресей рубльінің құлдырауы нәтижесінде Мәскеу мен Санкт-Петербургте өмір сүру 40 пайызға арзандаған. Санкт-Петербургте өмір сүру құны қазір Киевтегідей", - дейді EIU сарапшылары.

The Economist Intelligence Unit зерттеу компаниясы британдық The Economist журналының жанында құрылған. Ол өмір деңгейін зерттеуден өзге, әлем елдерінің индустриалдық дамуы, демократия деңгейі мен өзге де жаһандық мәселелер көрсеткіштерін жариялап отырады.

Естеріңізге салсақ, 2015 жылы EIU Алматыны өмір сүруге арзан қалалардың топ-100-не кіргізегн. Сарапшылар қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау мен мәдени даму көрсеткіштерін жоғары бағалап, қаланың экологиясы мен инфроқұрылымының қанағаттанарлық деңгейін атап өткен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!