Астана қаласы бойынша мәслихат депутаттығына 121 кандидат тiркелдi

Фотография - Астана қаласы бойынша мәслихат депутаттығына 121 кандидат тiркелдi

31 орын және мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдары үшін 54 орын айқындалып жабдықталды.

365 0

Астана қаласы бойынша мәслихат депутаттығына 121 кандидат тiркелдi. Бұл туралы Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Игiлiк Жалбыров ОСК брифингi барысында мәлiмдедi, деп хабарлады Baq.kz

Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы И.Жалбыров брифинг барысында БАҚ өкілдерін Астана қаласы бойынша мәслихат депутаттығына барлығы 121 кандидат тіркелгені, олардың 33-ін саяси партиялар, 6-ын қоғамдық бірлестіктер ұсынғаны, 88-і – өзін өзі ұсынғаны туралы ақпараттандырды.
"Қалалық сайлау комиссиясымен келісім бойынша қала әкімінің шешімімен саяси партиялардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін 31 орын және мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдары үшін 54 орын айқындалып жабдықталды. Сондай-ақ саяси партиялар мен кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін шарттық негізде ұсынылатын 13 ғимараттың тізімі бекітілді", - дедi И.Жалбыров.
Оның айтуынша, сайлау комиссиялары үгіт материалдарының заңнамаға сәйкес орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады. Сайлау алдындағы үгітті жүргізуде сенім білдірілген адамдарға ерекше рөл бөлінеді. Саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар сенім білдірілген адамдарды өз қалауы бойынша тиісті округте бір сайлау учаскесіне 3 адамнан асырмай анықтайды. 
"Осы сәтке Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы бес саяси партияның: "Нұр Отан" партиясының, ҚКХП-ның, "АҚ ЖОЛ" ҚДП-ның, "Бірлік" СП-ның және "Ауыл" ХДПП-ның барлығы 731 сенім білдірілген адамын тіркеді. Округтік сайлау комиссиялары сондай-ақ мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың 836 сенім білдірілген адамдарын тіркеді", - дедi И.Жалбыров.
Оның айтуынша, сайлау алдындағы үгіт үшін қаржыландырудың екі түрі қарастырылған. Осылайша, республикалық бюджеттен Астана қаласы мәслихатының депутаттығына әр кандидатқа теледидарда және радиода сайлауалды бағдарламасымен шығуға, баспа басылымдарында 2 мақала жариялауға, сондай-ақ үгіттік баспа материалдарын басып шығаруға, сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайларды жалға алуға, көліктік шығыстарға тең мөлшерде 245 мың теңге көлемінде қаражат бөлінеді.
"Сонымен қатар, саяси партиялар мен мәслихат депутаттығына кандидаттардың арнайы сайлау қорларын құруға құқығы бар. Сайлау қорлары қаражатының шегі сайлау туралы заңмен анықталған. Мәслихат депутаттығына кандидат сайлау қорының қаражатына жеке өзі иелік етеді. Бұл ретте округтік сайлау комиссиялары банктермен бірлесіп сайлау қорлары қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады және екі аптада бір рет сайлау қорларына қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы хабарды БАҚ-та жариялайды", - дедi Игiлiк Жалбыров.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!