Батыс Қытай –Батыс Еуропа дәлізінің бойына 7 нысан салынады

Фотография - Батыс Қытай –Батыс Еуропа дәлізінің бойына 7 нысан салынады

Жолаушылардың тынығу, тамақтану орындары халықаралық талапқа сай бой көтереді

327 0

Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық дәлізінің Ақтөбе облысы аумағына 7 нысан салынады. Жолаушылардың тынығу, тамақтану орындары халықаралық талапқа сай бой көтереді, деп хабарлайды Bnews.kz

Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық дәлізі трассаның Ақтөбе облысы аумағына тиесілі 628 шақырымы жөнделген. Ырғыз, Мәртөк, Әйтеке би мен Хромтау аудандарын қамтитын жол бойында 32 нүкте бар. Олардың барлығын ұлттық стандарттың А, В, С, D категориясына сәйкестендіру, жаңа кешендер салу үшін кәсіпкерге әкімдік, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ көмектеседі. Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер басқармасы, туризм бөлімінің бас маманы Жанна Бүркітбаеваның айтуынша, қазіргі күні Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолында 32 кешен бар болса, олардың көбісі ҚР Ұлттық стандартына сай емес. Талап бойынша А категориясында шағын ауылдың бір жерге тоғысуы қажет. Ол жерде жатын орны 25-тен кем болмайтын қонақ үй, гигиеналық тазалық бөлмесі, жанар-жағармай бекеті, дүкен мен қоғамдық тамақтану орны, көлікке техникалық қызмет көрсету, жуу орталықтары, жеңіл, жүк көліктері мен автобустарға арналған автотұрақ, сауда-ойын сауық кешені мен медициналық қызмет көрсету бекеті, далалықта көңіл көтеру орны болуы шарт. Бұл жерде күзет қызметі де қарастырылады. Барлығы заманауи үлгімен жабдықталуы қажет. Ал өзге В, С, D категорияларында бұл талаптар мен міндеттер азаяды.Батыс Қытай – Батыс Еуропа трассасының Мәртөк ауданы, Саржансай ауылы маңына 2008 жылы шағын ғана дәмхана ашқан Ботакөз Тілеубаева араға жылдар салып, демалыс орнын, доңғалық жөндеу бекетін тұрғызды.
"Бұл отбасылық бизнеске айналды. Жолдасым Есенкелді Тілеубаев көлік жөндейді, машинаның дөңгелегін ауыстырады, ал келінім Гүлнар екеуміз асханаға жауаптымыз. Бізде жоспар көп. Алдағы уақытта жанар-жағармай бекетін, көлік жуу орнын және ондаған адамға арналған жатақхана іспетті демалыс орнын салу қажет. Себебі, біз арқылы өзбек азаматтары өтеді. Олар топ-тобымен жүреді",- дейді Б.Тілеубаева. Бұл кешенге табиға газ құбыры тартылып, су жүргізілген. Қазіргі уақытта 6 адам тұрақты еңбек етіп жүр.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, биыл Батыс Қытай –Батыс Еуропа дәлізі бойында 7 нысан салынады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!