Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, тұман түседі

Фотография - Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, тұман түседі

Алматы облысының Алакөл көлі аумағында қатты жел соғады – 30 м/с.

171 0

Синоптиктердің болжауынша, бүгін ел аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, көктайғақ болады, бұрқасындатып, тұман түседі, деп хабарлайды Вnews.kz.  

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады,15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы облысының Алакөл көлі аумағында қатты жел соғады – 30 м/с.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады.

Ақтөбе, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде жел соғып, күндіз оның екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ, күндіз кей жерлерде жел күшейеді –15-20 м/с.

Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде көктайғақ болып, жел 17-22 м/с-қа дейін күшейеді, түнде тұман түседі.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!