"Ауыл" партиясы "Гүлденген ауыл" акциясын жалғастырып жатыр

Фотография - "Ауыл" партиясы "Гүлденген ауыл" акциясын жалғастырып жатыр

6 наурызда "Ауыл" партиясы "Гүлденген ауыл" сәтті бизнес-жобалар акциясының басталғаны туралы жариялаған болатын

562 0

"Ауыл" партиясының Республикалық штабының орталық кеңсесінде "Гүлденген ауыл" акциясы аясында жинақталған ауылдағы сәтті бизнес-жобалар таныстырылды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі. 

Еске сала кетейік, 6 наурызда "Ауыл" партиясы "Гүлденген ауыл" сәтті бизнес-жобалар акциясының басталғаны туралы жариялаған болатын.

Акция мақсаты – барлық аймақтардан ауылда жүзеге асыруға ыңғайлы, келешегі бар, тиімді бизнес-жобаларды жинақтау.
Акцияның идеясы – тиімділігі жоғары, көп қаражатты қажет етпейтін бизнес-жобалар және оны жүзеге асыру тетіктерін "Ауыл" партиясының ресми сайтында жариялау.

Бір апта ішінде орталық кеңсеге 10-ға жуық бизнес идея келіп түсті. Жобалар негізінен мал шаруашылығы, егін шаруашылығы саласында. Сонымен қатар жасыл экономика, тамшылатып суару секілді бизнес идеялар бар. Жүзеге асыруға лайықты жобалар партия сайтында көрініс тапты.
Партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес, бұл партиялық жоба азаматтарға өз бастамаларын жүзеге асыруына көмектесуге, алғашқы қадамдарын жасауда қажетті кеңестер беріп, бағыт сілтеуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, барлық бизнес-жобалар сайтта ашық түрде ұсынылады.

Партиялық жобаның тағы бір маңызды міндеті – ауылдағы халықтың өзін-өзі қаржыландыруына, өз кәсібін бастауына жағдай жасау.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!