Астанада Масленица мерекесі аталып өтті

Фотография - Астанада Масленица мерекесі аталып өтті

Астана қаласының ірі азық-түліктік және аспаздық компаниялары өз өнімдерін сатып, шай мен құймақтар ұсынды.

215 0

Бүгін елордада Масленица мерекесіне орай халықтық серуен өтті. Дәстүр бойынша Масленица апта бойы тойланады, бұл қыспен қоштасып, көктемді қарсы алу мерекесі.

Бүгін Успен кафедралды соборына келушілер үшін азық-түліктер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Астана қаласының ірі азық-түліктік және аспаздық компаниялары өз өнімдерін сатып, шай мен құймақтар ұсынды.

Халықтық серуен "Жастар" сарайының алдында да болды. Шараға қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, елорда тұрғындары мен қонақтары жиналды.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

Елордалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары көпшілік назарына мерекелік концерт ұсынды.

- Масленица – ежелгі славян мерекесі, қыс соңында тойланып, көктемді қарсы алудың символы болып табылады. Масленицаның көңілді өтуі егінге де жақсы. Мерекені Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге тойлауға шештік. Баршаңызға көктемнің жылуы мен өмір қуанышын тілеймін, - деді "Лад" республикалық славян қозғалысының елордалық филиалының төрағасы Николай Шепелюк.

Масленица мерекесіне орай Кешірімді жексенбі аталып өтіледі. Ұлы ауыз бекіту қарсаңында христиандар шіркеуге барып, бір-бірінен кешірім сұрайды. Бүгін де дінге табынушылар құдайға құлшылық ету үшін Успен кафедралды соборына келді. Ал кешке шіркеулерде кешірім жасау шарасы өтеді. Ертеңнен бастап барша христиандар ауыз бекітеді. Олар 40 күн бойы Пасха мерекесіне дайындалады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!